Түркістанда Шаңырақ күні мұқтаж отбасы баспаналы болды

Түркістанда «Харекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «SEN» форумы өткен болатын.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында әрі қасиетті Рамазан айында өткізіліп жатқан форум отбасы құндылығына бағытталған. Жиынға түрлі саладағы елге танымал, іскер әйелдер қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Форум аясында жалғызбасты ана Мунира Пазылбековаға баспана кілті табысталды. Бүгінде ол мүмкіндігі шектеулі екі қыз тәрбиелеп отыр. Шаңырақ күні әрі Рамазан айында жаңа баспанаға ие болған отбасы ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді. Бұл «Харекет» қайырымдылық қорының мұқтаж отбасыларға берген 1113-баспанасы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында биыл модульді лагерлер жұмыс істейді

Биыл Түркістан облысында алғаш рет модульді 5 жазғы лагерь іске қосылады. Өңірдің 5 ауданындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде 54 модульдік жатын ...

Арыстық волейболшылар «Ұлттық мектеп лигасында» жүлдегер атанды

Арыс қаласы, Дермене ауылдық округіндегі Ж.Тәшенов атындағы мектептің оқушылары волейболдан өткен республикалық «Ұлттық мектеп лигасында» күміс жүлдеге ие болып, өңір ...