Түркістанда Президент aуызашары өтті

Бүгін Түркістанда қасиетті Рамазан құрметіне ел Президентінің ауызашары өтті. Игі шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыс тұрғындары, ақсақалдар алқасы, еңбек ардагерлері мен имамдар қатысты. Өңір басшысы жиналған қауымды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.

– Биыл Рамазан айы Наурыз мерекесіне тура келіп отыр. Наурыз мейрамы жаңа серпінде атап өтілуде. Кеше еліміз бойынша «Көрісу күні – Амал мерекесі» атап өтілсе, бүгінгі күн қайырымдылыққа, ізгілікке бағытталып отыр. Әр күн осындай мән-мағынаға толы. Жалпы қасиетті айда Құран кітабы жерге түскен, яғни адамзаттың ережесі болып саналады. Президентіміздің атынан барлық өңірде ауызашар ұйымдастырылып отыр. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздің мәдениеті мен дініне деген құрметі деп білеміз. Аудан, қалалардан да зиялы қауым өкілдері, белсенді азаматтар келіп отыр. Түркістанымызға ерекше көңіл бөлініп отыр. 2024 жыл Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атанып отыр. Тағы бір қуанышты жағдай, Мемлекет басшысы киелі қаламызға ерекше мәртебе беруді ұсынды. Былтыр екінші Ұлттық Құрылтай да бізде өтті. Марал Ишанның Құран кітабы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне әкелінді. Бүгін Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысы Атырау облысында болып жатыр. Сонда кесене құлпытасын қалпына келтіруді атап өтті. Оразада адамгершілікті дәріптейтін амалдарды көптеп жасау керек. Баршаңыздың ниетіңіз қабыл болсын, – деді Дархан Сатыбалды.

Рухани жиында ізгілікке жетелейтін уағыздар, өсиеттер айтылды. Қазақтың өнегелі термелері айтылып, жанға шуақ сыйлайтын дәстүрлі әндері шырқалды. Ел ағалары елді бірлікке бастайтын мағыналы ойларын айтып, өңір жұртшылығын Рамазан айымен құттықтады. Ас соңында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов құран бағыштады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Президент: Түркістан облысында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасы салынады

2025 жылдың наурыз айында Бурабайда өткен 4-ші Ұлттық құрылтай еліміздің қоғамдық-саяси реформаларын талқылаудағы маңызды кезең болды. Бұл құрылтайға Қазақстанның әр ...

Түркістан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаментінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Мұхтар Туғанбаев айтты. «Бүгінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық ...