Шымкентте өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әже пневмониядан құлан-таза айықты (видео)

Шымкентте өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжей пневмониядан емделіп, ауруханадан шықты. Дәрігерлердің айтуынша, кейуананың өкпесінен қан кетіп, жағдайы ауыр болған, деп хабарлайды Xnews.

Шымкент қаласының 82 жастағы Галина Хрущева өкпесінің дерті асқынып 26 маусым күні қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр халде жедел жәрдеммен жеткізілген. Науқасты тексерген мамандар оның өкпесінің басым бөлігі зақымданғанын және қан кеткенін анықтаған.

Жағдайының ауырлауына байланысты әжей төрт күннен кейін жансақтау бөліміне ауыстырылып, COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетілген.

«Дәрігерлер 82 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы деп бағалаған. Дер кезінде көрсетілген ем-домның арқасында қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 6 шілде күні ол ауруханадан шығарылған. Егде жастағы науқас өзін ажалдан арашалап қалған медицина мамандарына ризашылығын білдірді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, қала бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3 555-ке жеткен. Ал, жазылып шыққандар саны — 717 адам.

© inform.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан: Төлебиде тыл ардагерлері құрметке бөленді

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тыл даласында еңбек етіп, Ұлы жеңісті жақындатуға үлес қосқан қариялардың үйлеріне арнайы барып құттықтады. Ленгір ...

Түркістан: Сарыағашта 103 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетілді

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ...