Шымкент тұрғыны халыққа тегін таратылуы тиіс дәрі-дәрмекті сатып келген (видео)

Шымкенттік тұрғынның пациенттер арасында тегін таратуға арналған дәрі-дәрмек ұрлап, сатқаны белгілі болды.

Шымкентте экономикалық тергеу қызметі дәрі ұрлау фактісін әшкерелеп, заңсыз дәрі сатуды тоқтатты, Бұл туралы қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды Xnews.

Дәрі-дәрмекті ешбір рұқсат қағазсыз сатып келген күдіктіден тәркіленген препараттардың арасында пациенттерге тегін берілуі тиіс дәрілер де бар болып шықты.

«Шымкенттік тұрғынның дәрі-дәрмектерді рұқсатсыз сатумен айналысқаны анықталды. Оның қолындағы дәрі-дәрмектің бір бөлігі медициналық мекемелер халыққа тегін таратып беруі тиіс партиядан ұрланғандығы белгілі болды», — делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұрланған дәрі-дәрмек көлемі мен мөлшері анықталуда.

© inform.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан: Арыстықтар тыл ардагерлерін жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Жеңістің 80 жылдығына орай Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, Мемлекет басшысының атынан мерекелік медальдар мен ...

Арнайы жасақ қызметкеріне 2 бөлмелі пәтер табысталды

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгін Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижеге қол жеткізген ...