Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық органдары қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

2023 жылы Департаменттің қарауына мемлекеттік қызмет көрсету мәселері бойынша 157 арыз түскен, жалпы өтініштер бойынша 13 азаматтың құқығы қалпына келтірілді.

Келіп түскен арыздардың басым бөлігі жер қатынастары (66 немесе 42%), еңбек және әлеуметтік қорғау (7 немесе 4%), ауыл шаруашылығы (7 немесе 4%) салаларына тиесілі.

Ағымдағы жылдың өзінде-ақ, Департаментке мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтардың 20-ға жуық арыз шағымдары келіп түсті.

Арыздардың қорытындысы бойынша 4 азаматтың шағымындағы дәлелдері расталып, құқықтары қалпына келтірілді.

Мәселен, Департамент жер учаскесін ақпараттық жүйеде келісу үшін жолдаған 3 (үш) қызмет алушының шағымдарын жоспардан тыс тексеру арқылы қарады.

Нәтижесінде, қызмет беруші ұйым аталған азаматтардың біреуіне 2 айға жуық жауап бермегені, ал басқаларына қызмет көрсетудің мерзімдерін сақтамай жауап ұсынғаны анықталды.

Тексеру нәтижесімен, қызметті алушылардың өтініштері қанағаттандырылып, жер учаскелері ақпараттық жүйеде келісіліп, құқықтары қалпына келтірілді.

Тексеру қорытындысымен, кінәлі тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау және алдағы уақытта болдырмау туралы нұсқама енгізілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет ітсері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Жанар Қалдымұратқызы ҚАМБАР

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...