Түркістан туризміне арналған фотокөрме өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан туризміне арналған фотокөрме өтті

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде фотограф Нахып Шынтеміровтың жеке фотокөрмесі өтті. Басты мақсат — «Түркістан қаласы — түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы» атануы аясында Түркістан туризмін фото арқылы насихаттау.

Нахып Шынтеміров – Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің фототарихын жасаушы, өңірге белгілі фотограф. Аталған көрмеде фотографтың бүгінгі түрленген Түркістанның әсем жерлері мен облыстың табиғаты келіскен өңірлері бейнеленген туындылары қойылды.

Жиында журналист, композитор, профессор Бекжігіт Сердәлі мен медиа сарапшы, ғалым Молдияр Ергебеков көрменің мән-маңызына тоқталды. Халықаралық туризм және меймандостық университетінің басшылығы көрме иесі мен қонақтарға сый-сыяпат жасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...