Түркістанда дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтті

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала елі» орталығында «27 ақпан — Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні!» мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, Түркістан облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Шәріпбек Жамалбекұлы, «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестіктің төрайымы Инара Намазбаева және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Кездесу барысында облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік –экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдері облыс әкімі Д.Сатыбалдының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың алдағы уақытта атқарар жұмыстары пысықталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...