Сарыағашта цех тәулігіне 35 мың дана жұмыртқа қорабын өндіреді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сарыағашта цех тәулігіне 35 мың дана жұмыртқа қорабын өндіреді

Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округінде жұмыртқа салуға арналған қорап шығаратын цех жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер Қ.Лайбекова «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін дамытып, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде «SADYK-BEREKE» ЖШС-і тәулігіне 35 мың дана қорап өндіреді.

Қазіргі таңда цех «Сарыағаш-Құс» ЖШС, «Бесқара» ЖШС, «Шымкент-Құс» ЖШС, «Яссы-Құс» ЖШС және «Тассай-Құс» ЖШС сынды ірі жұмыртқа өндіруші мекемелерге өз өнімдерін жеткізіп беруде. Ең бастысы, құс фабрикалары үшін қораптың бағасы тиімді.

Айта кетсек, жұмыртқа салуға арналған қорап өндіретін цех өз жұмысын 2021 жылы бастап, бүгінде 16 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...