ҚМДБ Құрбан айтқа байланысты мәлімдеме жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

ҚМДБ Құрбан айтқа байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы карантин жағдайында Құрбан айтты атап өту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Xnews.

Бұл сауалға басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жауап қатты.

Оның сөзінше, екі апталық карантин шаралары ұзартылса, мешіттерде айт намазы оқылмайды. Биыл Құрбан айт 31 шілдеге, яғни жұма күнге түсіп тұр.

«Естеріңізде болса, өткен Ораза айт кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы нақты шаралар қабылдап, Ораза айт намазы оқылмаған. Осы жолы карантин созылатын болса, өкінішке қарай, біз айт намазын мешіттерде оқи алмаймыз», — деді Оңғаров.

Наиб мүфти құрбандық малын қашықтан да шалуға болатынын жеткізді.

«Тапсырыс беру арқылы орындаса да болады. Біз осыған жағдай жасауға тырысамыз. Әрине, ол жерде әкімдіктің тарапынан да реттеу жұмыстары болады. Ал құрбандық шалудың уақытына келетін болсақ, биыл 31-не болжанып отыр. Сол күні таңнан үш күн бойы күн батқа дейін шалуға болады», — деп түсіндірді басқарма төрағасының орынбасары.

Сөз арасында наиб мүфти құрбандық шалу тек жағдайы бар адамға ғана міндет екенін еске салды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...