Олимпиада жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жауапты қызметке тағайындалды — Xnews — ақпарат агенттігі

Олимпиада жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жауапты қызметке тағайындалды

Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы федрациясының сайтындағы ақпараттан белгілі болды. Ол бапкерлер штабымен жұмысқа жауапты болады.

Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері.

Еске салайық, 5 ақпанда Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ал Кеңес Рақышев федерацияның құрметті президенті атанды. 

x

Check Also

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...