Шымкенттік дәрігерлер гемодиализге тәуелді науқастарға тіліксіз ота жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттік дәрігерлер гемодиализге тәуелді науқастарға тіліксіз ота жасады

Қалалық № 2 ауруханада гемодиализ қабылдайтын 6 науқасқа бірегей операция жасалды. Артериовенозды фистуланың эндоваскулярлы реканализациясы деп аталатын ота қалада алғаш рет жасалды. Эндоваскулярлы әдісті жергілікті дәрігерлер Ресейден келген әріптестерімен тәжірибе алмасу барысында меңгерді.

Хирургиялық көмек көрсетілген 6 пациенттің жағдайы жақсы. Енді олардың денсаулығына төнетін қауіп жоқ. Себебі науқастарға жасалған ота бүйрегі жұмыс атқармай, гемодиализ құрылғысына тәуелді болған науқастардың ем алуын жеңілдетеді.

Бүгінде қалада бүйрек ауыстыруды қажет ететін 600-ден астам науқас бар. Олардың өмірі «жасанды бүйрек» аппаратына тәуелді. Мұндай оталар алдағы уақытта денсаулық көрсеткішісіне сәйкес, тіркеуде тұрған науқастарға істеледі. Өйткені тіліксіз жасалатын ота созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастарда оң нәтиже беріп отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...