Ұлттық қордан баланың шотына ақша түскенін қалай тексеруге болады? — Xnews — ақпарат агенттігі

Ұлттық қордан баланың шотына ақша түскенін қалай тексеруге болады?

Ұлттық қордан балаларға берілетін қаражат 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап төлене бастайды. Ата-ана баласының шотына төлем түскен-түспегенін қалай тексере алатынын — Tengrinews.kz материалынан білсеңіз болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында бүгінде ата-ана баласы туралы деректердің дұрыстығын және олардың eGov.kz порталының жеке кабинетіне енгізілген-енбегенін тексеру қажет екенін хабарлады.

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы сайтында баланың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет болатын арнайы бөлім құрылады. Осының арқасында бала бағдарламаға қатысушы болды ма, көре аласыз.

Бұл ақпарат қордың веб-сайтында ақпанда балалардың шотына төлем түсе бастағанда пайда болады. Бұл қызметтер төлем жасалғаннан кейін жұмыс істей бастайды.

Ата-аналар немесе заңды өкілдер eGov.kz сайтындағы жеке кабинетінде әрбір бала туралы толық ақпаратты көре алады.

Жеке кабинетке кіргеннен кейін баланың ата-анасы «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтуі керек.

Бұл бөлімде: «Менің құжаттарым», «Отбасы» және «Басқа құжаттар» бөлімдері бар. Аударым деректерін тексеру үшін төлемдер туралы толық деректер болатын «Отбасы» бөліміне өту керек.

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...