Созақ ауданында «Самұрық-Қазына» АҚ футбол алаңын салып берді — Xnews — ақпарат агенттігі

Созақ ауданында «Самұрық-Қазына» АҚ футбол алаңын салып берді

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Түркістан облысы Созақ ауданындағы Сарыжаз ауылында футбол алаңы ашылды. Бұл «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен еліміз бойынша биыл ашылған 26-спорт алаңы. Нысанның ашылу салтанатына «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева мен Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков және ауыл тұрғындары қатысты.

— «Самұрық-Қазына» қоры бұқаралық спортты дамыту және балаларға спорттық инфрақұрылымды қолжетімді ету бағытында нәтижелі істер атқарып келеді. Қордың қаржыландыруымен еліміздің бес өңірінде денешынықтыру-сауықтыру кешендері мен көпфункционалды спорт кешендері салынды. Бұдан бөлек, бүгінде 23 елді мекенде ерекше балаларға арналған инклюзивті секциялар жұмыс істейді, – деді «Samruk-Kazyna Trust» қорының Бас директоры Альфия Адиева.

Сарыжаз ауылындағы спорт алаңының құрылысы биыл қыркүйек айында басталған. Жалпы ауданы 800 шаршы метрлік алаңға жасанды көгал төселген. Спорт нысанының аумағы арнайы қоршаумен қоршалып, абаттандырылған. Енді Сарыжаз бен жақын маңдағы ауылдардағы 100-ден астам жасөспірімнің спортпен айналысуына мүмкіндік туды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...