Арыстан шығатын танымал минералды суы шетелге экспортталмақ

Түркістан облысы, Арыс қаласында өндірілетін минералды суға қытайлық компания қызығушылық танытып отыр. Бүгін Арыс қаласына Қытай Халық Республикасынан инвесторлар келді. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық шетелдік қонақтарға қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндап, қала әкімінің бастамасымен Арысқа тартылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтып өтті.

Бұдан кейін меймандар «Арыс минералды су» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Серіктестік директоры Руслан Полатханұлы өндіріс орнымен жан-жақты таныстырып, кешенді дамытуға арналған алдағы жоспарларымен бөлісті.

Белгілі болғандай, инвесторлар бұған дейін «Arys» брендімен танымал емдік судың құрамын анықтау үшін арнайы сараптамадан өткізген. Зертханалық жұмыстардың қорытындысы бойынша отандық өнім табиғи тазалығы әрі денсаулыққа пайдалы минералға бай екендігі анықталған. Осыған сәйкес, компания басшылығы «Арыс Минералды Су» ЖШС-мен әріптестік орнатып, инвестиция салуға, сондай-ақ Қытай еліне емдік дәруменге бай ауызсуды үлкен мөлшерде экспорттауға ниетті. Сәтін салса, Түркістан өңірінің бренді саналатын «Arys» минералды ауызсуы шетел нарығына шығарылады деген үміт бар.

Айта кетейік, Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 18 млн. литр минералды су өндіреді. Бүгінде 20-дан астам адам жұмыс істеп, тәулігіне 15 мың құты су шығарып отыр. Шипалы сусын 1870 метр тереңдіктен алынады.

Судың емдік қасиеті мол, ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған. Қазіргі таңда серіктестік 0,5; 1; 1,5; 5; 19 литрлік құтыларға газдалған және газдалмаған су шығарады. Бүгінгі таңда табиғи минералды ауызсу Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарына, Алматы, Қызылорда, Шымкент облыстарына жөнелтілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...