Түркістан облысындағы жылыжайларға 150 мың тонна көмір отыны жеткізіледі

Түркістан облысы еліміздегі жылыжайлар көлемі бойынша алдыңғы қатардағы өңір. Осы орайда аймақтағы жылыжайлардың қысқы мерзімге дайындығы пысықталуда. Жуырда ғана көмір отынымен қамтамасыз ету үшін «Turkistan resource» ЖШС құрылып, көмірді өндірушіден тікелей тасымалдау келісім шарты жасалды. Келісімге сәйкес, 2024 жылдан бастап «Шұбаркөл көмір» АҚ-нан жылыжай шаруашылықтарына тікелей 150 мың тонна көмір отыны жеткізілетін болады.

Айта кетейік, облыста 1640 гектар жылыжай бар, оның ішінде 634 гектары — көмірмен жылытылады. Олардың бір жылдағы қажеттілігі — 275 мың тонна, қазіргі таңда 95 мың тонна сатып алынған.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі тарапынан жылыжай шаруашылықтарының мәселелерін Үкімет деңгейінде көтерудің нәтижесінде шаруашылықтарды қолдаудың жаңа тетіктеріне қол жеткізіп, жылыжайлардың жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді. Нәтижесінде, жылыжайларды жылыту шығындарының 20 пайызы субсидияланатын болды. Оның ішінде, фермерлік жылыжайлардың гектарына — 4,8 млн. теңге, өндірістік жылыжайларға — 8,1 млн. теңге бөлінеді. Бұл мақсатта биыл 500 млн. теңге қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек, облыста фермерлік жылыжайларды «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттік стандарттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге жылыжай шаруашылықтары тарапынан 732 өтінім тапсырылып, 531 фермерлік жылыжай сертификатталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...