Сайрамда 150 мың текше метр газоблок өнімдері өндіріледі

Бүгін Сайрам ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер алдымен Манкент ауылдық округінде орналасқан «Өзге» спорт кешеніне бас сұқты. Биыл ғана ашылған кешен бүгінгі таңда 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мекеме басшысы Нусратилла Абдукадировтың айтуынша, аудандағы жастардың спортқа деген ықыласы ерекше. Болашақта ел абыройын асқақтатар спортшылардың шығарына сенім мол екенін жеткізді спорт жанашыры.

БАҚ өкілдері кейін «ECO-BUILDING GROUP» ЖШС-на барды. Серіктестік жылына 150 мың текше метр газоблоктар мен бетон бұйымдарын өндіреді. Құны 1 млрд 26,3 миллион теңгелік зауыт — өнімдерін Шымкент қаласы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарына экспорттайды. Қазіргі таңда кәсіпорын 62 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Тур аясында Қарабұлақ ауылдық округіндегі заңсыз салынған нысандар көрсетілді. Жауаптылар бұл өңірден талапқа сай емес 17 ғимаратты анықтаған. Аудан әкімі Арман Сәбитовтың тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда аталған заңсыз нысандарды бұзу жұмыстары жүргізілуде. Бастапқыда аудан басшысы «қызыл сызықта» орналасқан ғимараттарды өз еркімен бұзуға 20-қазанға дейін уақыт берген болатын. Бүгінгі күні талаптарды орындамағандардың ісі сотқа жіберіліп, кәсіпкерлерге 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

БАҚ өкілдері келесі кезекте Көлкент ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін кеңейткен тіс емханасында болды. Маружон Имамов басшылық ететін мекеме мекеме жабдықтарын жаңалап, ғимаратын кеңейту үшін мемлекеттен 7,1 миллион теңге қаржы алған. Жалпы, Сайрам ауданында аталған жобаның игілігін көріп, кәсібін дөңгелетіп отырғандар жетерлік. Өңірдегі Ақбұлақ, Жібек жолы, Қайнарбұлақ және Көлкент ауылдық округтері енген «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы 266 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 132 жоба 757,6 миллион теңге көлемінде мемлекеттен қолдау алған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...