Тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаев қайтыс болды — Xnews — ақпарат агенттігі

Тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаев қайтыс болды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болды.

«Сағат 09.28-де оның жүрегі тоқтады (асистолия). 23 минут бойы реанимациялық іс-шаралар жасалған. Алайда ол көмектеспеді», — деп жазады басылым.

Болат Назарбаев 4 қарашада қайталанған инфарктпен Алматының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылғаны хабарланған.

Соңғы бірнеше жылда Болат Назарбаев төсек тартып жатты. Бұған дейін дәрігерлер оған көмей ісігі деген диагноз қойған. Сондай-ақ, экс-президенттің інісі қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігімен ауырған.

Көп өтпей Алматы Орталық клиникалық ауруханасы да, бірінші президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай да Болат Назарбаевтың қайтыс болғанын растады.

Айта кетейік, Болат Назарбаев 1990 жылдардан бастап бизнеспен айналысқан. Кәсіпкерлер оны бірнеше рет кәсіптерін рейдерлік жолмен тартып алды деп айыптады.

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...