«Сарыағаш-Мақтаарал» бағытында темір жол салынады

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев айтты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Сарыағаш-Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы темір жол құрылысын жүргізу мақсатында Үкімет тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылған. Олар қазіргі таңда өңірде тиісті жұмыстарын атқаруда. Біздің тарапымыздан теміржолдың жүретін жері белгіленіп, жерді рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр, — деді Арман Айдарұлы.

Аудан басшысының айтуынша, биыл 9 айдың қорытындысымен негізгі капиталға көлемі 25,7 млн теңге инвестиция бағытталған. 2023 жылдың қорытындысымен инвестиция көлемін 26,2 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша 9 айда 92,7 млрд. теңгеге жетсе, жыл қорытындысымен 128,8 млн. теңгеге жеткізу көзделген. Ал аталған салаға салынған инвестиция көлемі биыл 6,7 млрд. теңгені құрамақ.

— Инфрақұрылыммен қамту бойынша орталықтандырылған ауыз сумен аудандағы 68 елді мекеннің 61,8 пайызы қамтылған. Ал табиғи газды аудан халқының 76,1 пайызы пайдаланып отыр. Сондай-ақ, аймақтағы жолдардың қанағатты үлесі жыл қорытындысымен 66%-ға жетпек. Бұдан бөлек, ауданда биыл 9 айда 38 150 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, — деді аудан басшысы.

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...