Түркістанда халықтың бірлігін бейнелейтін киіз үй тігілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда халықтың бірлігін бейнелейтін киіз үй тігілді

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи-ағартушылық «Бір ел» жастар жобасы аясында киіз үй тігу шарасы өтті.

Салтанатты іс-шараға «Қоғамдық келісім» РММ басшылығы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, ҚХА мүшелері, блогерлер, еріктілер, шалғайдағы ауылда тұратын әр түрлі санаттағы жастар қатысты.

Игі шарада «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Нұрлан Шубаев барлық этнос өкілдерінің біртұтастық пен келісімде бір ортаны мекен етуі ел іргесінің беріктігіне ықпал ететінін жеткізді.

Нұрлан Хамзаұлы атап өткендей, бұл іс-шара Қазақстан халқының бірлігін, үйлесімді этносаралық қатынастарды, туған ел, Отанды бейнелейтін қазақтың қасиетті символына құрмет көрсету мақсатында өткізілді. Аталған шара ортақ шаңырақ астында елдің бірлігін, Отан игілігі үшін қазақстандықтардың бірлескен еңбегін, әр адамның елдің дамуына қосқан үлесі мен атсалысуын білдіреді.

Жиында ел жастары киіз үйдің уығын шаншып, шаңырағын тіктеп, биікке көтерді, сондай-ақ ізгі ниеттерін білдіріп, ақсақалдардың ақ батасын алды. Салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген этнос өкілдері қазақ жерін, әсіресе қасиетті топырақты қоныс еткендерін қуанышпен жеткізді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...