Шахмат керуені Сауран ауданына аялдады

Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде шахмат керуенінің ашылу салтанаты өтті. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, өскелең ұрпақтың интеллектуалды деңгейін көтеруге бағытталған жобалар алдағы уақытта да ұдайы ұйымдастырылып тұратындығын айтты.

— Шахмат — ақыл-ой спорты. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған еліміздегі шахматты қолдау мақсатында өткізіліп жатқан шара жоғары деңгейде өтуіне тілектеспін. Ұйымдастырушыларға ауыл балалары мен азаматтарын зияткерлік ойынға тарту бағытында атқарып жатқан еңбектеріне шынайы алғысымды білдіремін, — деді аудан басшысы.

Айта кетейік, «Апта сайын – бір ауыл!» жобасы аясында шахмат керуені халықаралық шахматшы Қуанышбек Жұмадуллаев, ҚШФ Түркістан облысы бойынша филиалының атқарушы директоры Асхат Майкотов, Түркістан қаласының шахмат нұсқаушысы Алима Пашанова сынды ұйымдастырушылардың бастамасымен қолға алынып отыр.

Алдағы уақытта керуен Сауран ауданына қарасты 12 ауылды аралап, тегін мастер класс, жеке сеанстар өткізеді. Жас ерекшелігінде шек жоқ. Шахматқа қызығатын кез келген азамат қатыса алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...