Түркістан облысында 4 мың тонна көкөніс сақтайтын заманауи қойманың құрылысы басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында 4 мың тонна көкөніс сақтайтын заманауи қойманың құрылысы басталды

Түркістан қаласына кіреберіс тұстағы өндіріс аймағында көкөніс сақтайтын заманауи қойманың капсуласы салынды. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Жобаның бастамашысы әрі жүзеге асырушы – «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Жобаның серіктесі – «М-Адал» ЖШС. 1 гектар аумақта орналасқан қойманың көлемі – 3264 шаршы метр. Құрылысы қолға алынған қойма 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында ел игілігіне тапсырылады. Сауран ауданы аумағындағы бұл қоймада жылына 4 мың тонна көкөніс сақталады. 35 адам жұмыспен қамтылады.

Қоймада ірі 9 камера бар. Оның 4 камерасының әрбіріне 500 тоннадан жалпы 2 мың тонна картоп сақталса, екі камерасына 500 тоннадан, жалпы 1000 тонна пияз сақталмақ. Сонымен бірге 250 тонна сәбіз, қырыққабат сақтайтын камералары да іске қосылады деп жоспарланған. Ал 500 тонна көкөніс құрғақ қоймада орналастырылады.

Аталған аумақта Серік Жұманғаринге облыста өндіріс саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Биыл өңірде өнеркәсіп өнім көлемі 681 млрд. теңгені құрады (4,7 пайызға артты). Өңдеу өнеркәсібінде биыл жалпы құны 30 млрд. теңгені құрайтын 20 жобаны іске асырып, 594 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жыл басынан 12 жоба іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...