Түркістанда этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында семинар өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында семинар өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастардың және әлеуметтік желі пайдаланушыларының этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев модераторлық етті.

Семинарға облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен жастар ұйымдарының өкілдері, облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылық құрамы мен қызметкерлері, жастар қатысты.

Семинарда спикер болған Түркістан қаласы прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев, «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің маркетинг бойынша директоры Самат Сүлей, Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығының президенті Дана Кенжеқұлова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директорының орынбасары Пердебек Ескұлов мазмұнды ойларымен, пайдалы тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға атсалысып жүрген бірқатар азаматтар Алғыс хатпен марапатталды.

Іс-шара соңында кофе-брейк ұйымдастырылып, семинар жұмысына қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...