Сарыағашта 9 азық-түлік дүңгіршегі жанып кетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Сарыағашта 9 азық-түлік дүңгіршегі жанып кетті

Өрт бүгін таңертең Түркістан облысына қарасты Сарыағаш қаласында болған. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 04: 40-та Сарыағаштағы «Рамадан» су каналының бойында жалпы алаңы 250 шаршы метрді құрайтын 9 азық-түлік дүкені өртеніп кетті.

Өрт салдарынан жақын маңда тұрған GAZelle маркалы автокөлік толықтай жанып кетті. Өрт сағат 06: 25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Жедел әрекет ету күштері мен жедел-тергеу тобынан – 36 адам және тоғыз техника тартылды.

Дереккөз: Отырар телеарнасы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...