Туристік автобус Түркістан облысының киелі орындарын тегін аралатады — Xnews — ақпарат агенттігі

Туристік автобус Түркістан облысының киелі орындарын тегін аралатады

Түркістан облысындағы киелі орындарды аралаушылар саны күн санап артып келеді. Саяхаттаушылар санын арттыра түсу мақсатында «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен аптаның әр сенбі-жексенбі күндері Шымкент қаласынан Түркістанға тегін автобус қатынайды.

Туристік автобус — үшінші апта саяхаттаушыларды тегін тасымалдауда. Ақысыз туристік бағыт – көптеген азаматтарға киелі өңірлерді көруге мүмкіндік беріп отыр. Тур аясында ең алдымен саяхаттаушылар тарихтан сыр шертетін Отырар төбе мен Арыстанбаб кесенесіне зиярат етеді. Одан соң туристер Ясауи кесенесі мен көне Түркістан шаһарының заманауи жаңа келбетімен танысады.

Айта кетейік, автобус Шымкент қаласынан әр сенбі-жексенбі күндері сағат 09:00-де «Shymkent Grand Hotel» қонақ үйінің автотұрағынан қатынайды. Автобустан орынды алдын ала https://goturkistan.com/shymkentturkistan сайты арқылы брондауға болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...