“Менің елім — Vенің туым” экоакциясы барлық аудан-қалаларда өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

“Менің елім — Vенің туым” экоакциясы барлық аудан-қалаларда өтті

Түркістан облысында “Менің елім — Менің туым” экоакциясы барлық аудан-қалаларда қолдау тапты.

Аймақ әкімдіктерінің қызметкерлері мен түрлі мекемелердің жұмысшылары тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды ұқыптылыққа, тазалыққа шақырды. Мәселен, Сарыағаш ауданының қызметкерлері таңғы 10:00-ден бастап тазалық жұмыстарына кіріскен. Арыс қаласында да шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова экоакцияға атсалысып, тұнғындарды бірлесе еңбек етуге шақырды. Ал Келес ауданында аймақ басшысы Жәнібек Ағыбаев бастап акция аясында 500 көшет отырғызды.

Түркістан қаласында да сенбілік жұмыстары ауқымды өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды, қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков бастаған 1000-нан астам әкімдік қызметкерлері облыс орталығының сенбілік жұмыстарына белсене қатысты. Айта кетейік, жоспар бойынша жалпы қалалық сенбілік жұмыстары айдың аяғына дейін өткізіліп, күз айларында 220 мың түп ағаш егу көзделген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...