Түркістан облысының үздік шахматшылары анықталды

Түркістан қаласында «Шахмат керуені» өз мәресіне жетті. Еліміздің әрбір өңірін аралап, үздіктерді анықтауды көздеген жобаның киелі шаһардағы сайысында 20 шахматшы бақ сынады. Нәтижесінде 52 жастағы Нартай Ердіханов жүлделі І орын тұғырынан көрінді. Ол 40 жылға жуық уақыт шахматпен айналысқан. ІІ орын жүлдегері атанған Әселай Сейдулла 10 сыныпта оқиды. Ал ІІІ орынды иеленген Сман Мүтәлиев 30 жыл үзілістен кейін шахмат тақтасын қайта қолға алған. Енді осы үш ойыншы да бір айдан соң Түркістан қаласында болатын гранд-финалда өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, жартылай финал қорытындысы бойынша 13 жасар Әсия Асылхан «Әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш», Еркебұлан Ерболатұлы «16 жасқа дейінгі үздік қатысушы» және Есбол Сәбденов «50 жастан асқан үздік ойыншы» аталымдары бойынша марапатталды. Әр аталым иесіне 30 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар, турнирдің 10 қатысушысы жасөспірімдер және жастар арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы, халықаралық деңгейдегі шахмат шебері Әсел Серікбаймен бір мезеттік ойын сеансына қатысу мәртебесіне ие болды.

Айта кетсек, осыдан бір ай бұрын Қазақстан шахмат федерациясы өңірлердегі интеллектуалды спорт түрін дамыту үшін «Шахмат керуені» жобасын қолға алған еді. Ұлттың зияткер ұрпағын қалыптастыруды мақсат еткен жобаға «Freedom Broker» компаниясы бас демеушілік жасап отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...