«Атамекен» ҰКП XI съезіне Түркістандық делегаттар қатысады — Xnews — ақпарат агенттігі

«Атамекен» ҰКП XI съезіне Түркістандық делегаттар қатысады

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында Өңірлік кеңес мүшелері бас қосты.

Жиында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Алмаханұлы модераторлық етті. Күн тәртібінде «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының XI съезіне Өңірлік кеңестен делегаттарды сайлау мәселесі талқыланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Өңірлік кеңестің сайланған 13 мүшесі кезекті съезге делегат ретінде қатысатын болады. Алқалы жиын 17 қараша күні Елордамыз Астана қаласында өтпек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...