Түркістан облысы еліміздің туризм саласында ерекше орын алатын өңір

Президент айтқан екі мәселе. Оның Түркістан облысы үшін маңыздылығы

Президенттің осы жолғы Жолдауы тұтастай экономикалық бағытқа арналды. Әлемде геосаяси жағдай күрт құбылып, мұның салқыны экономиканы тұралата бастады. Дегенмен Президенттің өзі айтқандай, Қазақстан геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанына қарамастан экономикадағы өсімді сақтап қалды.

Жолдауда Мемлекет басшысы екі мәселеге тоқталды және бұл екеуі де Түркістан облысы үшін маңызды. Оның біріншісі туризмге қатысты.

— Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді,-деді Президент.

Түркістан облысы еліміздің туризм саласында ерекше орын алатын өңір. Туризмнің әлеуетін біз қаншалықты пайдаланып жатырмыз? Дәл қазір бұл сұраққа бір ауыз сөзбен жауап беру қиын.

Мемлекет басшысы Жолдауында:

— Су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалады. «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және басқа да негізгі компанияларда өзгеріс болады. Жалпы, осы саланың материалдық жағдайын жақсартып, кадр мәселесін шешу керек,-деді.

Түркістан облысының шаруалары соңғы жылдары ағын судан таршылық көріп келе жатқаны жасырын емес. Су шаруашылығындағы реформалар, Су ресурстары министрлігінің құрылуы осы проблемалардың оңтайлы шешілуіне септігі тиеді деген сенімдеміз. Сонымен бірге Мемлекет басшысы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше тоқталды. Оның ауқымын кеңейтуді тапсырып, жобаның игілігін бүкіл ел көруі қажеттігін айтты. Бұл жобаның жүзеге асуына бәріміз де атсалысуымыз қажет деп ойлаймын.

Ғалымжан Елшібай,
Қазақстан Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...