Төрткүлдің «Ақ алтыны» шетелге экспортталады — Xnews — ақпарат агенттігі

Төрткүлдің «Ақ алтыны» шетелге экспортталады

Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевпен бірге Төрткүл ауылдық округіндегі мақта өңдеумен айналысатын «Рамазан Агро» және «Нұр Агро 73» ЖШС-не барып, өндіріс барысымен танысты. Мақта алқабын аралап, өнім өндірушілермен және зауыт басшылығымен салалық өндірістегі мәселелер бойынша пікірлесті.

«Рамазан Агро» ЖШС мақтаның «Карло», «Эдесса», «АВ 440», «АВ 010», «Лазер» және «Линза» сияқты туркиялық 6 түрлі сортын егеді. Зауыт басшылары биыл 723 гектар алқаптан болжам бойынша 2700 тонна өнім жинауды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Ал «Нұр Агро 73» ЖШС мақта қабылдау және өңдеу зауытының директоры Нұрлан Батырбеков облыс әкімінің аграрлық салаға жауапты орынбасарына күзгі мақта жинау барысы туралы баяндады. Кездесу барысында зауыт басшысы аталған мекемеде жылына 30000 тонна мақта өңделіп, дайын өнімді Чехия және Канада мемлекеттеріне экспорттауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, аталған мақта өңдеу зауыты 300 адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр.

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...