Түркістандық өнерпаздар Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті

Түркістандық өнерпаздар Корея еліндегі Вонджу қаласында өткен Халықаралық би фестиваліне қатысты. Іс-шара Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени алмасу жылы аясында өтті.

Фестивальге Қазақстан атынан Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Би-Сұлтан» би ансамблі және Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі арнайы шақырту алды.

Шығармашылық сапар барысында өнерпаздар «Дала рухы», «Өрлеу», «Ақбаян», “Көзімнің қарасы” қойылымдарына билеп, халықтың қошеметіне бөленді.

Янчон өнер және мәдениет қорының басшысы Чон Дон Хи жерлестеріміздің өнерін жоғары бағалағанын жекізді.

— Маған қазақ әртістерінің шығармашылығы өте ұнады. Корей және қазақ мәдениетінің ұқсастығын сезіндім. Қазақ музыкасын естігеніме және қазақ биін көргеніме қуаныштымын -, деді өнер және медениет қорының басшысы

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...