Келес ауданында «Ауыл — Eл бесігі» бағдарламасы аясында 28 көшеге асфальт төселеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Келес ауданында «Ауыл — Eл бесігі» бағдарламасы аясында 28 көшеге асфальт төселеді

Келес ауданына қарасты елді мекендердің ішкі көшелеріне 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайтын 28 ішкі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған.

Оның ішінде, 7 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақтөбе ауылдық округі Бозсу елді мекенінің Жаңағасыр-1, Жаңағасыр-2, Жаңалық, Денсаулық көшелеріне, Алпамыс батыр ауылдық округі Қауыншы елді мекенінің Т.Тәжібаев көшесіне, Қошқарата ауылдық округі Бәйтерек елді мекенінің Алтыбаев, Жеңіс көшелеріне жол жөндеу жұмыстары басталды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бақылау мақсатында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Жеңіс көшесіне барып, мердігерлермен кездесті. Аудан басшысы жауапты мекеме басшыларына жолдың сапасына басымдық беріп, жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, Абай ауылының 8 көшесіне және Алпамыс батыр ауылдық округінің орталығы Ақжол ауылындағы 12 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, мердігер мекемелер анықталды. Қазіргі таңда келісім шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде. Аталған көшелердегі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...