«Ұлы Дала Жорығы-2023» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Ұлы Дала Жорығы-2023» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

Бүгін, 19 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 14-кезеңі аяқталды. Соңғы меже – Түркістан қаласына дейін ең қысқа уақыт ішінде жеткен Жетісу облысының командасы 1-орын – 18 000 000 теңге көлеміндегі жүлдемен марапатталады. Ақтөбе облысы командасы 2-орын үшін – 16 000 000 теңге, ал 3-орын иегері Алматы қаласының командасы 9 000 000 теңгені қанжығасына байлайды. Төрешілер шешімімен мәреге төртінші болып келген Абай облысының командасына 5 000 000 теңге берілетін болды.

Он төртінші күннің қорытындысы бойынша командалардың жалпы уақыты:
Жетісу облысы – 93 сағат 47 минут 43 секунд;
Ақтөбе облысы – 95 сағат 06 минут 37 секунд;
Алматы қаласы – 104 сағат 23 минут 57 секунд;
Абай облысы – 112 сағат 12 минут 46 секунд;

Сонымен қатар, бұл кезеңде Маңғыстау облысының Адай жылқысы рекорд жасады. «Рекорд» командасындағы 21 жастағы Мағжан Абдолұлы 1300 шақырымның соңғы 50 шақырымын бағындыруға таңғы сағат 7:10-да аттанып, Түркістандағы мәре сызығын 8 сағат 44 минут 9 секундта бірінші болып кесті. Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды бастан-аяқ 1 атпен еңсеруді мақсат еткен «Рекорд» командасының құрамы Астана қаласы, Маңғыстау мен Жетісу облыстарының шабандоздарынан құралған.

Жалпы 5-19 қыркүйек аралығында марафоншылар елордадан Түркістан қаласына дейін 1300 шақырымнан аса қашықтықты басып өтті. Марафон 14 сатыға бөлінген. Еліміздің 19 өңірінен марафонға 1 командадан қатысты. Марафонға қатысушыларға Ұлы Дала рухын сезінуге және киелі жерлеріміз – Жошы хан, Алаша хан кесенелері, түркі руханиятының бесігі Түркістан қаласы сияқты тарихи орындарға зиярат жасауға мүмкіндік туды.

Марапаттау рәсімі кешкі сағат 18:00-де «Түркістан-Арена» стадионында өтеді.

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...