Ордабасыда веломарафоннан жарыс өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасыда веломарафоннан жарыс өтті

Ордабасы ауданының орталығы Темірланда «Денсаулық фестивалі» мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер мен ауыл тұрғындары арасында веломарафон өтті.

Орталық алаңнан басталған марафонның ашылуына аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, бұқаралық спортты дамытуға арналған шараға сәттілік тіледі.

Сайысқа 18-35 жас аралығындағы 100-ге жуық адам қатысып бақтарын сынады. Марафонның мәресіне жастар арасында бірінші болып Бағжан Орынбеков топ жарып, екінші орынды Елжан Оспанов иеленді. Ал жүлделі үшінші орын Пайыз Жәмәділге бұйырды. Сондай-ақ, ересектер арасында Мұхаммедәлі Сағынтай бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Нұрбол Батырбеков иеленсе, үшінші орынды Қанат Адильханов жеңіп алды. Жарыс соңында аудан әкімі жүлде алған спортшыларға сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыстады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...