ТМД елдерінде ұйымдасқан қылмыстық топтар көбейген (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

ТМД елдерінде ұйымдасқан қылмыстық топтар көбейген (видео)

Жыл басынан бері ТМД елдерінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік ету бойынша 37 қылмыстық іс қозғалып, 188 адам ұсталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Түркістанда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында айтылды. Жиынға қатысушылар экономикалық жаһандану мен ақпараттық технологиялардың дамуы және шекаралардың ашықтығы ұйымдасқан қылмыстың өсуіне ықпал етіп отыр дейді. Оған қарсы бірлесе күрескенде ғана тосқауыл қоюға болатынын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24«.

Кездесуде 10 мәселе талқыланды. Ол ұйымдасқан қылмысқа, жаңа психотроптық заттардың және есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа, заңсыз көші-қонға қарсы күресті күшейту және мемлекетаралық іздестірудің тиімділігін арттыруға негізделген. Қонақтар бұл бағыттағы қазақстандық қызметтің жұмысына оң баға берді.

«Маңызды мәселе қазір – интернет алаяқтық. Интернет қылмыстар тек алаяқтық емес, ол – шоттардан ақша ұрлау. Кибербуллинг деп жатырмыз, шетелден келіп бізге дос атакалар дейміз. Жаңа қылмыстар шыққан кезде бірінші бізде болса, біз оларға ақпарат жібереміз. Ондай қылмыстар оларда болса, бізге «әріптестер осындай қылмыстар болып жатыр. Оның осындай әдісі бар. Ашудың осындай жолы бар» деп меморандум бойынша жұмыс істеп жатырмыз». ҚР Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы Айдос Рысбаев.

x

Check Also

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...