Ордабасыдағы машина жасау кәсіпорны өнімдерін Түркия және Үндістанға экспорттауда — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасыдағы машина жасау кәсіпорны өнімдерін Түркия және Үндістанға экспорттауда

«KARLSKRONA LC AB» ЖШС – Ордабасы ауданындағы Индустриалды аймақта орналасқан машина жасау кәсіпорны.

Компания сорғыларды, электротехникалар, блокты-модульдік, стандартты емес жабдықтарды, түрлі темір қорытпаларынан құймаларды жасау, әзірлеу, сату, монтаж және сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Өнімдер Түркия мен Үндістанға және Қазақстан қалаларына жіберіледі. Аталған компания арқылы 150-200 адам жұмыс орнымен қамтылған.

Қазіргі уақытта зауыт мұнай, тау-кен және атом өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық салаларында қолданылатын жабдықтарды шығаруда. Қазақстандық нарықта 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтетін компанияның өндірістік және басқару процестері ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарына сәйкестендірілген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...