Болашақ үшін жасалған қадамдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасады. Ел тағдыры үшін маңызды мәселелерді сөз еткен Президент әлеуметтік-экономикалық салалардағы кемшіліктерді де, жағымды жаңалықтарды да мәлім етті. Жолдауды тыңдай отырып бір түйгенім — бұл жолы берілген тапсырмалар мен қолға алынған жобалардың көпшілігі өткен жылдары басталған жұмыстарды толықтырып, қуаттай түсететін сыңайлы.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде білім беру саласындағы жұмыстардың тұтастығын сынға алды. Сол үшін бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. Тиісінше, бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылатын болады. Сонымен бірге, осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылып, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік жасалмақ.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы өз Жолдауында жасөспірімдерге жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырды. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, жалпы балаларға қатысты барлық нәрсе қауіпсіз болуы тиіс екенін айтып, өскелең ұрпақтың психикалық саулығы өте маңызды мәселе болатынын жеткізді.

«Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек. Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет» — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Демек, алдағы уақытта да елімізде білім сапасын арттыру, балаларды қауіп-қатерден қорғау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді деген сөз. Ал, бұл кез келген ата-ана мен осы салаларда қызмет ететін жұмысшылар үшін зор қолдау болмақ.

Индира Икапова,
Түркістан қаласы «Оқушылар сарайының» директоры.

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...