Кентаулық жас кәсіпкер мемлекеттік қолдаумен сабын цехын ашқан — Xnews — ақпарат агенттігі

Кентаулық жас кәсіпкер мемлекеттік қолдаумен сабын цехын ашқан

Бүгінде кентаулық жас кәсіпкер Әлия Алдабергенова кішігірім цехта кір сабын өндіріп, жергілікті дүкен сөрелеріне өткізуде. Ол «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жастарға арналған 2,5% пайыздық несие бағдарламасына қатысып, 5 млн. несие алған.

Кәсіпкердің айтуынша, сабын өндіру цехында айына 10 мың сабын өндіріледі. Сабынға деген сұраныс көбейген жағдайда, өнім көлемі де арта бермек. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта сабын түрлерін арттыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, кәсібін бастағысы келетін жандар үшін Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде мемлекеттік несие бағдарламалары, субсидия, грант түрлері бойынша ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, биыл Түркістан өңірі бойынша жаңа бизнес-идеялар ұсынған 1 688 азаматқа грант беру жоспарланған. Одан бөлек, облыс жастарына 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие үйлестіру үшін мемлекет тарапынан 2,9 млрд. теңге бөлінген болатын.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...