Келесте ескі қалашықтың орны табылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Келесте ескі қалашықтың орны табылды

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы аумағынан ежелгі қалашықтың орны табылды. Үлкен аумақты алып жатқан өркениет ордасы бүгінде зерттелуде. Сондай-ақ археологтар сол аймақтағы Мыңтөбе қорымынан табылған дүниелерді құнды жәдігерге балап отыр.

– 1800 жылдан астам тарихы бар киелі нысанда жүргізілген жұмыстар барысында сол дәуірдің мәдениетін анықтауға баса мән берілмек. Қазірдің өзінде бұл жерден қыш ыдыстар мен садақ жебесінің басы табылды. Бұл қаңлы дәуірі кезіндегі ежелгі діни наным-сенімдер туралы білуге мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ сол маңнан Күлтөбе қалашығының орнын таптық, – дейді Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың жетекші ғылыми қызметкері, phd докторы Музаффар Гурсой.

Археологтар Күлтөбе қалашығында табылған ең биік нүктені алып құрылыс нысаны болған деп болжап отыр. Себебі қазба барысында кесектен салынған қабырғалары анықталған. Ал осы жерден шыққан қыш ыдыстардың VIII-IX ғасырларға тиесілі екенін айтады.

Мыңтөбе қорымына бұған дейін зерттеу жүргізілмеген. Келес өзенінің Сырдарияға құяр тұсындағы бұл аймақта 600-ден аса қорым мен оба бар. Археологтар қазба жұмыстарын жүргізу арқылы ІІ-ІV ғасырға тиесілі жәдігерлерді тапты. Жобаны іске асыру обалардың құрылымдық ерекшелігін, жерлеу дәстүрін, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын айқындауға мүмкіндік береді.

Археологиялық қазба жұмыстары әрі қарай жалғасатын болады. Қалашық және қорым маңынан табылған жәдігерлер арнайы мамандардың зертханалық сараптамасынан өткен соң музей қорына тапсырылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...