Қазығұрт пен Төлеби аудандарын жалғайтын жол пайдалануға берілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазығұрт пен Төлеби аудандарын жалғайтын жол пайдалануға берілді

Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Қазығұрт және Төлеби аудандарын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-29 «Шарапхана – Жаңабазар – 1 Мамыр» автомобиль жолының 42-50,6 шақырымы аралығына (Алғабас, Зағамбар, 1-Мамыр елді мекендері) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме – «Бірлік» ЖШС.

Жөндеу жұмыстары барысында ескі асфальт қабаты толығымен жаңартылды. Сондай-ақ елді мекендер ішіне жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салынып, заманауи үлгідегі жарықтандыру шамдары орнатылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандардың алдына жасанды жол кедергілері қойылып, жол таңбалары сызылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...