Келесте шағын және орта бизнес өкілдері 32,6 млрд теңгенің өнімін өндірген — Xnews — ақпарат агенттігі

Келесте шағын және орта бизнес өкілдері 32,6 млрд теңгенің өнімін өндірген

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру, аймаққа инвестиция тарту тапсырмасын жүктеген болатын.

Облыс басшысының бастамасымен Түркістан облысының оңтүстік аудандарының басшылары облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, тәжірибе алмасу, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Қытай еліне іссапарға барған болатын.

Нәтижесінде биыл Келес ауданында қосымша 2,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Сонымен қатар, олардың саны соңғы үш жылда 31,6 пайызға өсіп, олармен өндірілген өнім көлемі 32,6 млрд. теңгеге жетті. Осы орайда аудан бюджетінің өзіндік кірістері артып келеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...