Түркістандықтар армрестлингтен әлем чемпионатында 28 алтын медаль жеңіп алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандықтар армрестлингтен әлем чемпионатында 28 алтын медаль жеңіп алды

Алматы қаласында өткен Армрестлингтен 44-Әлем чемпионатында Шардара ауданының спортшылары 28 алтын медальға ие болды.

Сонымен қатар, түркістандықтар 10 күміс және 5 қола медальға қол жеткізіп әлемдегі үздік клуб екенін тағы да дәлелдеді. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте 1-орынды абыроймен жеңіп алды.

Бүгінде Шардара ауданындағы Армспорт мектебін «Чемпиондар шеберханасы» деп атауға болады. 2001 жылы негізі қаланған «Shardara Arm» спорт кешенінен бүгінге дейін 130 әлем чемпионы, 300 Азия чемпионы, 462 ҚР чемпионы шыққан. Бұған халықаралық жарыстар мен республикалық турнирлерді қоссаңыз аймақтан шыққан білекті де жүректі спортшылардың жетістігі жетерлік. Соның ішінде Шардара Армрестлинг клубы 2012 жылдан бері жалпы есепте 1-орын иеленіп жүр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...