Жетісай ауданында жалпы саны 3900 орындық бес мектептің құрылысы жүріп жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Жетісай ауданында жалпы саны 3900 орындық бес мектептің құрылысы жүріп жатыр

Аудан әкімі Серік Мамытов Жетісай қаласындағы Дайрашев көшесі бойындағы 300 орындық мектептің құрылысымен танысты.

Нысан осыдан төрт жыл бұрын құрылысы басталып, аяқсыз қалған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қайта жанданып, ғимарат желтоқсанын айында пайдалануға тапсырылмақ.

Бұдан бөлек, жалпы саны 82 мектебі бар ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округтерінен 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінен 600 орындық мектептердің құрылыстары жүргізіліп жатыр. Нысандар 2024 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...