Д.Сатыбалды «Самұрық-қазына» қорының басшысымен кездесті — Xnews — ақпарат агенттігі

Д.Сатыбалды «Самұрық-қазына» қорының басшысымен кездесті

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Түркістан облысында іске асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарларды талқылады.

«Самұрық-Қазына» қоры Түркістан облысында екі ірі инвестициялық жобаны іске асыруда. Атап айтқанда, Төлеби ауданында «Бу газ қондырғысы базасындағы қуаттылығы 926 МВт электр стансасы», Созақ ауданында «Күкірт қышқылы зауыты» құрылысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ облыстың туристік әлеуетін артыру мақсатында Түркістан қаласында Достық үйі мен Ипподром әлеуметтік жобаларының құрылысы жоспарлануда. Басқосуда бұл жобаларды «Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры» арқылы қаржыландыруды қарастыру мәселесі талқыланды.

Облыс әкімі Түркістан облысында уран өндірумен айналысатын «КазАтомӨнеркәсіп» компанияның салық төленетін кірісінен 1% (7,4 млрд.тг) және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын инвестициядан 2% (2,4 млрд.тг) төлемді өңірдің әлеуметтік дамуына төленуін қарастыруды ұсынды. Мәселе зерделенетін болды.

Облыс басшысы елді мекендерді сапалы байланыспен, интернетпен қамтамасыз ету, Түркістан облысын табиғи газбен қамтамасыз ету секілді бірнеше өзекті мәселелерді ортаға салды. Олардың шешу жолдары қаралды. Энергетика саласы бойынша да бірқатар ұсыныстар айтылды.

Облыстың туристік әлеуетін артыру мақсатында, Түркістан қаласында бірқатар әлеуметтік жобалардың құрылысы жоспарлануда. «Самұрық-қазына» қорымен бірлесе әлеуметтік жобаларды іске асыруға келісті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлескен жобаларын іске асыру жөніндегі одан әрі қадамдар туралы уағдаласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...