Президент реформасы: Білімнің салтанаты және ұлттың жаңа болмысы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты реформаларының бірі екендігін ерекше атап өтті.

Оны жүзеге асыру үшін Үкіметке білім гранттарының санын көбейту, шет аймақтарды білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету және елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу тәрізді тапсырмалар берді. Сондықта да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарамыз деген сенімдеміз.

Осы ретте Түркістан облысында жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Жалпы облыста 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішіндегі 14 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 5 мектептің жұмысы келер жылға өтпелі. Облыс басшысы оқу жылына дейін тапсырылуға тиіс мектептердің құрылысын, жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырған болатын. Білім саласына биыл бюджеттен 597 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде, мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына 4 млрд. теңгеден астам қаржы қаралған. 2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етілмек. Қазіргі таңда 5 баспадағы оқулықтар тасымалдануда, 31 тамызға дейін қалған баспадағы оқулықтар толығымен жеткізілмек.

Одан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыста жекеменшік білім беру мекемелерінің желісін арттыру бойынша нақты шаралар қабылданады. Қазіргі таңда облыста 9 үш ауысымды, 8 апатты мектеп болса, ал, оқушы орынының тапшылығы 30 мың орынды құрайды. Мемлекет жоспарына сәйкес аталған мәселені 2025 жылға дейін шешу жоспарланған. Жаңа оқу жылының басталуында облыста 17 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде облыстағы жекеменшік мектептер саны 110-ды құрап, онда 30 мыңға жуық оқушы білім алатын болады. Ал жыл соңына дейін тағы 7 жекеменшік мектеп ашылуы жоспарланған.

Меруерт БАЙБАТШАЕВА,
Түркістан қаласы, Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...