Түркістанда құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің бірлескен басқосуы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің бірлескен басқосуы өтті

Түркістанда «Ұлы Дала Елі» орталығында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің бірлескен отырысы өтті.

Аталған шараға облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов модераторлық етті. Басқосуға облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары- ҚХА хатшылығының меңгерушісі Керімбек Мырзабаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Кулдербаев, Түркістан облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асылхан Төреханов, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер төрағалары, жастар мен облыс тұрғындары қатысты.

Өз кезегінде Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары- ҚХА хатшылығының меңгерушісі Керімбек Мырзабаев басқосудың маңызына тоқталып, отырыс жұмысына сәттіліктер тіледі. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай қоғамда бала тәрбиесінде ананың алар орнының ерекше екенін айта келе, облыстағы Аналар кеңесі ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ ол аталған Аналар кеңесіне республикадан қолдау қажеттігін де назардан тыс қалдырмады.

⚜Түркістан облысы полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асылхан Төреханов кәмілетке толмағандар қылмысының алдын алуда оқу ордаларында лекциялар оқылуда екенін айтты. Сонымен қатар ерте тұрмысқа шығудың да деректері бар екенін тілге тиек етті. Асылхан Сейдіханұлының айтуынша кәмілетке толмағандардың келеңсіздіктеріне отбасындағы тәрбиенің қателіктері де себеп болуда екен. Полиция полковнигі ата-аналардан балаларының кімдермен жүргендеріне мән беру қажеттігін де атап өтті.

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Кулдербаев «Отанға қызмет ету- осы елде тұрып жатқан барша жұрттың жүрегінде болуы керек.Өңіріміз көктемгі, күзгі әскерге шақыруда бес мыңдай азаматты әскери борышын өтеуге аттандыруда. Жалпы әскерге барған бала жаманшылықтан мейлінше аулақ болады.Олар ата-ана мен бауырдың қадірін жақсы түсінеді»,- деді.Сонымен бірге ол баланың отанға деген сүйіспеншілігін оятуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшесі Наталья Григорьева жалынды жастардың еліміздің гүлденуі жолында жасап жатқан игі жұмыстарына тоқталып, өзінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін білдірді.

Шара барысында жиналған жұртшылық өз ойларын ортаға салып, ұсыныс пікірлерін айтты. Сонымен қатар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы
«Қоғамдық келісім» КММ-нің Баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...