Полиция департаменті кибер қылмыстың жаңа түрі туралы ескертеді

Алаяқтар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып сіздің жақындарыңыз жол-көлік оқиғасына тап болды немесе басқа да заңсыз әрекеттерді жасады деп алдап, бұл жағдайды шешу үшін ақша сұрауы мүмкін. Мұндай жағдайда уақыт өткізбей 102 операторына қоңырау шалып, айтылған ақпараттың шынайылығын тексере аласыз, себебі орын алған оқыс оқиғалар міндетті түрде 102 операторына тіркеледі.

Сондай-ақ, белгісіз адамдар Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы әртүрлі заттарды арзанға сататыны туралы жарнамалар жариялайды және тауарларға сұраныстар түскен кезде тауарлар сатылмауы үшін алдын ала төлемді жіберуді сұрайды. Бұл жағдайда әлеуметтік желі беттерінде орналасқан жарнамаларды мұқият тексеріңіз, тауарды қолыңызға алғанға дейін төлемеген дұрыс екенін ескертеміз. Бүгінде интернет алаяқтықтың тым көбейіп кетуі қоғамдық резонанс тудырып отырғаны белгілі. Қазақстанда бұл қылмыс түрінің ең көп таралған тәсілдерінің бірі – интернеттегі түрлі хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу. Бүгінде интернет алаяқтықтардың жартысы дәл осындай жолмен жасалған.

Екіншісі – микрокредиттік ұйымдардың сайттары арқылы онлайн қарыз рәсімдеу. Интернет алаяқтықтың күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын алға тартқан полиция қызметкерлері азаматтарға күдікті қоңырау мен хабарламалар алғанда бірден банкке хабарласуға кеңес берді. Егер сізге белгісіз біреулер хабарласып, қандай да бір банктің атын атап банк карточкасы жайлы ақпарат немесе басқа да жеке мәліметтерді сұраса, ең алдымен сол банктің сенім телефондарына қоңырау шалып, ақпараттың рас-өтірігін анықтап алған артықтық етпейтіндігін ескертеді.

x

Check Also

Қазақстан геологиясы әлемдік инвесторларды тартады: елге қазірдің өзінде 12 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған

Қазақстанның геологиялық саласы сенімді дамуды және халықаралық инвесторлардың жоғары қызығушылығын көрсетуде. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығын ...

Коллегия Минобороны: министр обороны определил приоритетные задачи развития войск

Под председательством министра обороны генерал-полковника Руслана Жаксылыкова в Карагандинском гарнизоне состоялось выездное заседание коллегии Министерства обороны, в ходе которого были ...