Арзан бағада жалға үй беремін деген — Xnews — ақпарат агенттігі

Арзан бағада жалға үй беремін деген

ПБ-ның тәртіп сақшылары «Hi-Tech» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында астаналықтарды интернет-ресурстары арқылы алдап кеткен 26 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын анықтады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті «Krisha.kz» сайтына нарық құнынан төмен бағада елордада жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды.

Ол пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден мобильді банкинг арқылы 10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұраған.

Бүгінге дейін алданған астаналық 7 тұрғын полицияға жүгінген.

Мәселен, маусым айында сайтта жалған хабарландырулар орналастырып, жалға пәтер берем деген желеумен алаяқ 40 жастағы елорда тұрғынын алдап, 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...