Қайтарымсыз грант әперемін деп… — Xnews — ақпарат агенттігі

Қайтарымсыз грант әперемін деп…

Қылмыстық құқық бұзушы С.А. алаяқтық, яғни сенімді теріс пайдалану жолымен алдау арқылы бөтен мүлікке құқықты бірнеше рет иемдену қылмысын жүзеге асыру мақсатында жәбірленушілермен ұялы телефон арқылы сөйлесіп жүріп, олардың атына қайтарымсыз грант ақшасын алып беретінін айтып, сендіріп, әркімнің атына ашылған «Kaspi Gold» есеп шотына ақша қаражаттарын алаяқтық жолмен аудартып, жәбірленушілерге мүліктік залал келтірген.

Сотталушының осы алаяқтық әрекеттері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3),4) тармақтарымен қылмыстық іс қозғалған.

Қылмыстық іс сотта қаралып, істі қарау кезінде сотталушы өзіне тағылған айыпты ішінара мойындап, келтірілген мүліктік залалдың мөлшерімен келісіп, азаматтық талаптарды мойындады және жәбірленушілерден кешірім сұрап, өзінің қылмыстық іс әрекеттерінен келтірілген мүліктік залалды қайтаруға мүмкіндігі жоқ екенін айтып, жүкті және асырауында жас балаларын барын ескеріп, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер өздеріне келтірілген мүліктік зияндар қалпына келтірілмегенін айтып, азаматтық талабын толықтай қанағаттандыруды және сотталушыға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды сұрады.

Сотталушы С.А.-ға жаза тағайындау барысында сот оның айыпталып отырған қылмысының ауыр қылмыстар санатына жататындығын, ол қылмысының қоғамдық қауіптілік дәрежесін, кінәлінің жеке басын және құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқын, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайларды ескере отырып, оның қоғамнан оқшауланбастан ақ түзеліп, қайта тәрбиеленіп кетуіне ешқандай мүмкіндігі жоқ деп санап, осы негізде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды негізді деп санап, оған соттың үкімімен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...