Алғашқы жартыжылдықта 9,4 мың интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді

Жыл басынан бері Қазақстан аумағында 9 462 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты.

«Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде тіркелген интернет-алаяқтық қылмыстардың 1,3%-ға төмендеуі байқалады. Атап айтқанда, олардың саны 9 585-тен 9 462-ге дейін кеміді. Ауыстырылатын нөмірлерден жасалатын интернет-алаяқтық 34%-ға азайды. Сонымен қатар, биыл министрлік киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламаны іске асыруға кірісті. Осы бағдарлама шеңберінде бар проблемаларға жан-жақты талдау жүргізіліп, бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдануда», — деп мәлім етті Жандос Сүйінбай.

Оның айтуынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын интеграциялау жұмысы жүргізілген. Яғни, қабылданған техникалық шаралар халықаралық трафик арқылы өтетін қазақстандық абоненттік нөмірлерге фрод-қоңырауларды анықтауға және бұғаттауға мүмкіндік берді.

x

Check Also

Қазақстан мен Қытай: Атом энергетикасы саласындағы сенімді стратегиялық серіктестік

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар күннен күнге нығайып, жаңа қырларын аша түсуде. Бұл екіжақты серіктестік, әсіресе атом энергетикасы саласында жаңа ...

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды. Оған қатысу үшін кандидаттың жасы 35-тен аспауы, ...