Полиция жалған банк қызметкерлерімен қалай күресіп жатқанын айтты

Жыл басынан бері 7,5 мыңға жуық түсіндірме жұмысы жүргізілген

ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай министрлік жалған банк қызметкерлерімен қалай күресіп жатқанын айтты, деп хабалайды Azattyq Ruhy.

«Қазір киберқылмыс, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтық өзекті мәселелердің бірі. Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, мұндай қылмыстарға қарсы тұрақты түрде іс-қимыл шараларын қабылдап жатыр. Бірінші кезекте БАҚ-та белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері ақпараттық кеңістікте 7,5 мыңға жуық жарияланды», — деді Сүйінбай.

Оның айтуынша, ІІМ және ҚНРДА ресми сайтында «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл» парақша құрылды, онда интернет-алаяқтық жасау тәсілдерін сипаттайтын айдар мен олардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар жарияланған.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірге банк қызметкерлерінің атынан жалған нөмірлерден телефон арқылы жасалынатын алаяқтықтың алдын алу мәселесі шешілді. Барлық ұялы байланыс операторы алаяқтан қорғайтын антифрод жүйесін енгізді. Нәтижесінде 36 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды», — деп түсіндірді ол.

x

Check Also

С космодрома Байконур стартовал грузовой корабль «Прогресс»

С Байконура в 00.32.40 по времени Астаны с площадки №31 запущена ракета «Союз-2.1а» с грузовым транспортным кораблем «Прогресс МС-31». Стыковка ...

Қосымша білім беру саласы цифрландырылып жатыр

Мемлекет, қоғам және отбасы үшін басты міндеттердің бірі — өскелең ұрпақтың білімін, дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Бұл ...